Халықаралық интеграция

2050 Стратегиясының әсері зор – Дьендьеш қаласының мэрі (Венгрия)

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі саяси және экономикалық даму бағдарламасының берері мол, дейді Дьендьеш қаласы әкімі (Венгрия) Ласло Фарго Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашық» Жолдауы жайлы пікірімен бөлісе отырып.
Әлемде19 Ақпан , 16:40

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауымен танысып отырамын. Онда мен мемлекет дамуы үшін белсенді жүргізілген реформалар жүргізу саясатына көзім жете түседі. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі саяси және экономикалық даму бағдарламасының берері мол. Өйткені ол нақты қадамдар бағдарламасы», - дейді Ласло Фарго.

Дьендьеш қаласы әкімінің айтуынша, Жолдауда айтылған Республиканың даму стратегиясы Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан әлеуметтік-экономикалық, саяси, инновациялық жобаларды сәтті жүзеге асырып, демократиялық ұстанымдарды негізге ала отырып әлеуметтік және экономикалық бастамаларды қолға алуда. 2011 жылы венгрдің Дьендьеш қаласы мен қазақстандық Жетісай қаласы бауырлас қалалар болып жарияланды, біз бұдан үлкен нәтиже күтеміз. Биыл да біздің ұйымдастырған халықаралық фольклорлық фестивальге қазақстандық би топтары да қысысты. Екі қала арасында мәдени байланыс құру туралы меморандумнан кейін өзара экономикалық байланыстар да қалыптасты. Біздің әріптестік алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін», - дейді әкім.




Дерекнама

Яндекс.Метрика