Халықаралық интеграция

ҚР Президентінің Жолдауы бағыттың тұрақтылығына сендіреді - British Expertise компаниясының жетекшісі

ҚР Президентінің Жолдауы бағыттың тұрақтылығына сендіреді, бұл туралы British Expertise компаниясының жетекшісі Найджел Питерс айтты.
Әлемде19 Ақпан , 16:20

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы мемлекеттің даму бағдарламасының құжаттарымен тікелей байланысты. Оның ішінде 2014 жылғы Жолдау да бағыттың тұрақтылығына сендіреді», - деді Найджел Питерс.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықтың екіжақты қарым-қатынасы белсенділей түсті.

«Үлкен келісімшарттар бекітілді. Сөзсіз, көптеген жоба мұнай газ саласымен байланысты. Бірақ, жаңа мүмкіндіктерді диверсификация да ашады. Ірі британдық компаниялар ауыл шаруашылығына, туризм, инфрақұрылым жобалары, көлік пен коммуникацияға салады», - деді Н. Питерс. 




Яндекс.Метрика