Халықаралық интеграция

Қазақстандағы Канада елшісі Солтүстік Қазақстан облысына барып қайтты

Солтүстік Қазақстан облысына іскерлік сапармен ҚР Канаданың төтенше және уәкілетті елшісі Стефан Миллар барып қайтты. Аймақ басшысы Самат Ескендіровпен кездесуде ол ауыл шаруашылығы саласында халықаралық байланыс орнатуға қызығушылығын білдірді.
Солтүстік Қазақстан19 Ақпан , 16:00

Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысы мен Канаданың арасында бұрыннан сауда байланысы орнатылған. Аймақ Канададан агротехника мен ірі қара малды экспорттайды.

Келелі кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы Канаданың Елшісі Стефан Миллар мен СҚО әкімі  Самат Ескендіров өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты орнату мәселелерін талқылады.

Сонымен, бір айдан кейін канадалық бизнесмендер Астанада өтетін «Агротек» көрмесіне қатысуды жоспарлауда.  Жалпы, 10 компанияның  өкілі келеді деп күтілуде. Елші атап өткендей, ауылшарушылығымен айналысатын канадалық кәсіпкерлер  жергілікті бизнес өкілдерімен кездесуге және әрі қарай ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға әзір.  




Яндекс.Метрика