Өңірлер

ЦентрКредит банкінің басқарма төрағасы: Теңге бағамын өзгерту банктің қызметіне тигізетін әсері шамалы

Теңге бағамын түзету банктың ағымдағы қызметіне шамалы ғанат әсер етеді, деп ЦентрКредит банкінің басқарма төрағасы Владислав Ли ағынан жарылды.
Алматы қаласы19 Ақпан , 15:31

«Бүгінгі таңдағы жағдай БЦК тұрақтылығы мен жағдайын шамалы ғана  әсер етеді. Валюталық қарыздар көлемі банк қоржынының 16% құрайды, бұл өз кезегінде ағымдағы жағдайды реттеуге мүмкіндік береді. Біз қарыз қоржынының сапасы нашарлайды деп ойламаймыз», - деп В. Ли хабарлады.

Қаржы институтының ресми баспасөз парағында, басшылық банктың ағымдағы қызметі мен клиентерге төлем жүргізуінде қауіп жоқ. Себебі, банк өтімділігінің бүгінгі жағдайы оған барлық қызметі мен операцияларын толығымен кедергісіз жүргізуге мүмкіндік береді. 

 2013 жылдың сәуір айымен ағымдағы жылдың қаңтар айы аралығында БЦК шетелдік валютадағы 520 млн. доллар көлеміндегі сыртқы қарызын толығымен жапты, ол БЦК теңгерімі жақсы екенін білдіреді. 

«Бізге банктың жағдайына қатысты сұрақтар көптеп түсуде, БЦК басшылығының атынан сіздерге әлеуметтік желілерді және хабарлама жіберу жүйесі WhatsApp арқылы банктың банкрот болуы және лицензиясын қайтарып алу туралы өріп жүрген ақпараттарды негізсіз және дәлелсіз деп хабарлаймын. Біз жалған ақпарат таратушылармен хабарласып, олардан бұл мәліметті жоққа шығаруын талап еттік. Нәтижесінде, ресми түрде кешірім алдық», - дейді В. Ли.  

Айта кетерлік жайт, ЦентрКредит банкінің акционерлері  - оңтүстіккореялық Кукмин Банк (активі 250 млрд.доллар) және Халықаралық Қаржы Корпорациясы ( ол Дүниежүзілік банк құрамына кіреді). 




Яндекс.Метрика