Инвестициялар

Қазақстан экономиканың түрлі салаларындағы ЕИБ-мен біріккен жобаларды қолға алуға дайын – С.Ахметов

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Еуропа инвестициялық банкінің вице-президенті Вильгельм Мольтерерді қабылдады.
Астана қаласы19 Ақпан , 14:10

ҚР Үкімет басшысының ресми сайтының мәліметінше, әңгіме барысында тараптар инвестициялық-қаржылық саладағы екіжақты қарым-қатынастың болашағы мен басты бағыттарына тоқталды.

Үкімет басшысының айтуынша, «ЕИБ-пен ынтымақтастық құру Қазақстанның басты стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылатын Еуроодақпен қатынасты дамытуда кешенді элемент болмақ».

С.Ахметовтың айтуына қарағанда, «Қазақстан экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде индустриялды және аграрлы секторларда ЕИБ-мен, өзге де халықаралық қаржы институттарымен біріккен жобаларды қолға алуға дайын».

Сонымен қатар, Бас уәзір ЕИБ, ҚДБ және «Ресейдің Сбербангі» арасында түзілген қаржылық келісімдердің елдің индустриялды-инновациялық дамуына жол ашатынына сенім білдірді.

Тараптар екіжақты келісімнің барлық спектрі бойынша әріптестікті кеңейту мен тереңдету керектігін айтысты.




Яндекс.Метрика