Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

Республиканың вице-премьері жұмыс сапарымен БҚО-да болды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев бастаған үкімет тобы жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында болды.
Батыс Қазақстан21 Желтоксан , 00:00

Сапардың алғашқы орны Ақсай қаласы болды, онда жұмыс тобы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер құрысының және жылыту маусымының жүргізілу барысымен танысты. Вице-премьер министр облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен бірге «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан, екі 5-қабатты үй құрылысында болып қайтты. 2015 жылға қарай Ақсайда тағы 9 жаңа көпқабатты үйдің арқасында 1200 пәтерге көп болады деп күтілуде.

Мұнда Қ.Көшербаев Бөрілі ауданы әкімінің Ақсай шағын қаласын дамытудың Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы баяндамасын тыңдады. 

«2013 жылы біз Бас жоспарға түзетулер енгіземіз. Ақсай қаласының құрамына қала маңындағы бірнеше поселкелер кіріп, нәтижесінде халық саны 38 мың адамға дейін артады», - деп атап өтті БҚО Бөрілі ауданының әкімі Марат Түсіпқалиев.

«Салық базасын кеңейту керек және жұмыс орындарының санын арттыра отырып, өндірісті әртараптандыру керек екеніне назарларыңызды аударамын», - деді Қырымбек Көшербаев. 

Күннің екінші жартысында Зеленов ауданының Янайкино поселкесінде Үкімет тобы «Кроун батыс» ЖШС мал семіртетін кешенінің қызметімен танысты. Қазіргі уақытта жемдеу алаңында 1600 бас мал бар, биылғы жылдың соңына дейін мал санын 4 500 басқа дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ірі қара малды сатып алу ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы бойынша бөлінген 500 млн. теңге сомасындағы несие қаражаты есебінен жүргізіледі. 

Оралда Қ.Көшербаев Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеттің балық шаруашылығы ғылыми зертханасында болды, онда жаңа технологиялар негізінде қара уылдырық мен тауарлы бекіре өндірісі бойынша индустриалдық аквакешенді әзірлеу және игеру жүргізілуде. Жобалық қуаты жылына 8 тонна қара уылдырық пен 86 тонна тауарлық бекірені құрайды. 

Сондай-ақ жұмыс тобы ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы аясында жөнделген көп пәтерлі тұрғын үйлерді қарап шықты. Биылғы жылы бағдарламаны жүзеге асыру үшін БҚО-да республикалық бюджеттен 800 млн. теңге бөлінді. 66 тұрғын үй жөнделді, 24 үйде жұмыс жүргізілуде, тағы 13 үйді жөндеу жоспарланған. 

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-да Қ.Көшербаев қорғаныс-өндірістік кешен кәсіпорындарын дамыту мәселелері бойынша отырыс өткізді. 

Облыс активімен болған отырыста жұмыс сапарының қорытындылары жасалды, онда өңірдің дамуының негізгі басымдықтары белгіленді, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен проблемалық мәселелер талқыланды.

Вице-премьер Қ.Көшербаев «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған ұзақмерзімді және стратегиялық міндеттерін тиімді жүзеге асыру үшін облыстың жеткілікті әлеуеті бар екенін» атап айтты. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика