Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Мембағдарламаларды іске асыруда қылмыстың алдын алу үшін «жемқорлық қауіптің құжаты» дайындалды – А.Лукин

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда әр өңірде қылмыстың алдын алу үшін «жемқорлық қауіптің құжаты» дайындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде Мемлекет басшысының жемқорлыққа қарсы күрес және ШОБ қорғау тапсырмасының орындалу барысы туралы айтқан ҚР Экономикалық қылмыс және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді.
Астана қаласы19 Ақпан , 13:16

«Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда алғаш рет әр өңірде қылмыстың алдын алу үшін «жемқорлық қауіптің құжаты» дайындалды. Онда біздің бөлімшелер тарапынан жедел қолдау талап ететін барынша қауіпті салалар көрсетілген», - дейді А.Лукин.

Оның айтуынша, келтірілген шығын көлемі 6 млрд теңгені құрайтын мемлекеттік бағдарламаларды атқару барысында жасалған жемқорлық бағыттағы 300-дей қылмыстың беті ашылған.

Сонымен қатар, агенттік жемқорлықтың ұйымдасқан түрін анықтайтын бағыттағы жұмыстармен жүйелі жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұысмдасқан жұмыстың жаңа әдістерін дайындады.

Жалпы, жүйелі жемқорлық дерегі бойынша 300-дей тұлға тарапынан жасалған 100 шақты қылмыс белгілі болды.

Айта кетейік, шет елдік тәжірибе негізінде агенттік тарапынан дер кезінде ескерту және алдын алу үшін заңсыз схемаларды сараптамалық жолмен анықтайтын оқиғалық орталық құрылған.




Дерекнама

Яндекс.Метрика