Өңірлер

Қаржы полициясы кәсіпкерлерді тексеруді 5 есеге қысқартты - А.Лукин

Қаржы полициясы кәсіпкерлерді тексеруді 5 есе қысқартты. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин мәлімдеді.
Астана қаласы19 Ақпан , 12:56

«Елбасы өзінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауында алдағы он жылдыққа еліміздің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуын міндет етіп қойды. Бүгінгі таңда Агенттік басқа да құқық қорғау органдарымен қосылып 2011-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы салалық бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыруда»,- деді  А. Лукин.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда қаржы полициясының бастамасымен және уәкілетті органның қабылданған шараларының арқасында  кәсіпкерлерді тексерулер саны 5 есе қысқарды.

«Егер, 2011 жылы 1 715 тексеру жүргізілсе, онда 2012 жылы ол  - 1009 құрады, ал, 2013 қаржы полициясының бастамасымен небәрі 340 тексеру жүргізілді. Сонымен қатар, президенттік сайтқа бизнесті қорғау бойынша түсетін шағымдар саны азайды, 2013 жылы 7  өтініш түскен», - деп А. Лукин атап өтті.

Сондай-ақ ол, «қазіргі таңда түскен шағымдардың 71% 10 тәулік ішінде қаралады», деп хабарлады.

«Ал, шағымдардың 10%, яғни тексеруді қажет етпейтіндері нарядқа жазылады.  Бұл кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетеді. Бұл дегеніңіз, кәсіпкерлерді негізсіз тексеруді болдырмайтын қосымша фильтр», - деп А. Лукин толықтырды.

 

Агенттік төрағасы атап өткендей, аталмыш шаралар бизнес-қауымдастықпен байланыс орнатуға өз септігін тигізді.  




Яндекс.Метрика