Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Шетелдік сарапшылар қазақстандық мемқызметкерлерге ұжымды бағалау әдісін үйретуде

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Ұжымды бағалау және жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы беру» тақырыбында семинар өтуде.
Астана қаласы19 Ақпан , 12:28

«Аталмыш семинардың маңыздылығы қоғамның барлық саласында жеке адам өмірінің рөлінің артуымен, еңбекті үдету, көптеген еңбек түрінің құрылымының өзгеруіне  және ұжымды басқаруда жаңа міндеттердің пайда болуына байланысты және бағалау техналогиясы мен процедурасын пайдалануға орай артып отыр», - деп Мемлекеттік басқару академиясынан хабарлады.

Семинарда қызметті бағалау өлшемдері, жұмыс тиімділігін бағалау жүйесі, жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы беру мәселесі қарастырылып, ГФР мен Польшаның тәжірибесі ұсынылады.

Айта кетерлік жайт, семинарға лектор ретінде Мемлекеттік кызметкерлер  академиясының кәсіби оқу департаментінің басшысы Ганс-Йохим Генрих Отто Ригер (ГФР) және Мемлекеттік қызметкерлер академиясының консультанты Анна Паула Боровская (ГФР, Польша) шақырылды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика