Басқару

ҚР-да кәсіперлікке әкімшілік қысым көрсетуді азайту бойынша нақты шаралар қолданылады– А.Мырзахметов

Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен кәсіперлікке әкімшілік қысым көрсетуді азайтудың түбегейлі шаралары қабылданады, деп мәлімдеді бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында ҰКП басшысы Абылай Мырзахметов.
Астана қаласы19 Ақпан , 12:10

«Жұмадағы жиыннан кейін (ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы) ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы комиссияға екі апта ішінде кәсіперлікке әкімшілік қысым көрсетуді азайтудың түбегейлі шараларды дайындау туралы тапсырма берілді. Біздің ойымызша, бұл жұмыстарды қазірде сарапшылар атқаруда. Алдағы екі аптада кәсіперлікке әкімшілік қысым көрсетуді азайтудың түбегейлі шаралары қабылданады деп сенеміз», - дейді А.Мырзахметов.

Оның айтуынша, статистика бойынша, кәсіпкерліктерге ең көп тексеріс жүргізетін санитарлық-эпидемиялық қызмет көрінеді. 2013 жылы тексерістің 40 пайызын құрайтын 62 мың теңсерісті дәл осы мекеме жүргізген.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәліметінше, жиі тексеріс жүргізу жағынан ТЖМ екінші орын алады. Ал үшінші орында Салық қызметі. Олардың үлесінде 25 мың тексеріс бар.

2010 жылдан бастап, 199 рұқсаттама құжаттың санын ТЖМ 168-ге түсірген. Ескерту сипатындағы 5 құжатты кері қайтарған.

Қызметтің лицензияланған 21 түрінен 20 мемлекеттік өртке қарсы қызметтің құжатын алу жойылды.

Жалпы, 2013 жылы 2012 жылғымен салыстырғанда мемлекеттік органдардың кәсіпкерліктерді тексеру қарқыны азайған. Атап айтар болсақ олар234 873-нан 157 270-ға, яғни 1,5 есеге кеміген.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерліктің құқын қорғау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум өзара ақпараттық алмасу мен біріккен қызметтердің тиімділігі, жариялылығы және бәсекелестік ұстанымдары бойынша кәсіпкерлерге қысым көрсетуді азайту үшін институциялық негізді құру бойынша келісілген және біріккен әрекеттерді іске асыру мақсатымен дайындалды.

 

 




Яндекс.Метрика