Инновациялар

2013 жылы Қарағанды облысындағы қан орталығында фибриндік желім шығарыла бастады

2013 жылы өңірге енгізілген жаңа технологиялардың қатарында облыстық қан орталығында теңдессіз фибриндік желім шығару технологиясын айтуға болады, дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы жетекшісі Төлеген Садуақасов.
Қарағанды 19 Ақпан, 11:57

«Бұл  қондырғы әлем бойынша хирургияның маңызды бөлігі ретінде танылды. Желімді құрам қан құрамдарынан дайындалып, хирургтердің тігінсіз ота жасауына мүмкіндік беріп, қан ағуды дереу тоқтатуға жол ашады. Операция барысында теріні жалғау тігін материалдарын қолданбастан жасалады. Бұл өз кезегінде операция уақыт қысқартып, инфекциялық жағдайдың алдын алады», - дейді басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, жедел хирургияда аталмыш препаратқа сұраныс мол.

«Егер бас жарақаты, қан-тамырлары жарылғанда, ішкі қан ағысы пайа болғанда операция жасаудың орнына аталмыш препаратты қолданса уақыт жағынан да, қауіпсіздік жағынан да бұның орнын әзірге ешбір әдіс баса алмайды. Осы орайда фабрикалық желі науқастардың жедел арада шара қолдануына, уақыт ұтып, қан жоғалтудың алдын алуға таптырмайды», - дейді Төлеген Садуақасов.

Сонымен қатар, өңірдегі нейрохирургия саласында 2013 жылдың қазан айынан бастап Қарағанды қаласындағы облыстық медициналық орталықта нейронавигация әдісі қолданыла бастады.

«Нейроновигаторларды қолдану арқылы қазірдің өзінде жүргізілген операциялардың саны 50-ге жетіп отыр. Және де биыл бөлімдерде Германияның микроскоптық операциялық өнімдерін пайдалану арқылы ота жасалған», - дейді дәрігер.

Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстанда мұндай құрылғыны тек Астана  қаласында ғана қолданылады.





Яндекс.Метрика