Ұлттың денсаулығы

2014 жылы медициналық ЖОО-ның 400-ден артық студенті ауылға аттанады

2014 жылы ауылдық квота бойынша оқыған 416 түлек медициналық ЖОО бітіріп, ауылдарға аттанады.
Казахстан19 Ақпан , 11:30

Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлағандай, саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша жүйелі шараларды қабылдау мақсатында 2013 жылғы желтоқсанда «2013-2016 жылдарда арналған денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың іс-шараларының кешенді жоспары» бекітілді.

 Саланы медициналық мамандармен қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданды:2006 жылдан бастап 2010 жылға дейін кезең - кезеңмен медициналық жоғары оқу орындарына қабылдау 5000 адамға дейін көбейді 2011 жылы «Білім туралы» ҚР Заңына мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттiлігі туралы нормасы енгізілді. 2007 жылдан бері ауыл жастарына кемiнде 3 жыл жұмысты өтеуге мiндеттiлігімен жыл сайынғы 30% квота бөлінеді (алғашқы түлектер 2014 жылы бітіріп шығады - 416 адам).

Денсаулық сақтау министрінің және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында 2014-2016 жылдарда медициналық кадр жетіспеушілігін төмендету бойынша меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, жыл сайын болашақ мамандарды өңірлерге тарту үшін медициналық ЖОО-ның жоғары курстағы студенттерінің нақты тізімін Министрлік жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды қабылдау нәтижесінде медициналық ЖОО түлектері есебінен сала кадрлармен қамтамасыз етіледі.

 

 




Яндекс.Метрика