Өңірлер

М.Шәріпов ядролық жанармай өндірісін ұйымдастыру шаралары туралы баяндады

Қазақстанда 2014 жылы конверсиялық өнімді дамытуға баса назар аударылатын болады, дейді ҚР ИЖТМ Атом энергетикасы комитетінің төрағасы Мәжит Шәріпов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 19 Ақпан, 11:15

«Президент Жолдауында Қазақстанда өзіміздің ядролық жанармай өнімін ұйымдастыру қажеттілігі айтылған болатын. Бұл Елбасының тапсырмасы. Осы орайда тиісті жұмыстар атқарылуда. Әрине, біз ядролық жанармайды уран шикізатын өңдеудің соңғы өнімі ретінде қарастырамыз. Қазіргі таңда Қазақстанда нарыққа тек шикізаттық табиғи уран ғана шығарылады. Енді біз нарыққа ядролық жанармайды да шығармақпыз», - дейді М.Шәріпов.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда түрлі шаралар бойынша өзге елдермен белгілі бір келісімдер бар.

«Мысалға, өндіру жағынан біздің әлемде бірінші орынға ие екенімізді барлығы біледі. Одан кейінгі кезең – өнімді конверсиялау. Осы сегмент бойынша бізде Канадалық компаниямен  гексафторид уранын шығару зауытын құру жайындағы келісіміміз бар. Менің ойымша, «Қазатомпром» мен аталмыш компания осы жылдың соңына дейін әлгі жобаны іске асырудың нақты ұсыныс жобасын бермек», - дейді М.Шәріпов.

Комитет төрағасының айтуынша, өткен жылы Ресей-Орал электрохимиялық комбинаты байыту кәсіпкерлігіне біріккен қазақстандық кәсіпкерлікті кіргізу туралы келіссөздер аяқталды.

«Одан кейінгі атқарылуы керек шара – жылу бөлу жинақтары өндірісін қолға алу. Мұнда да бізде француздың «Аревой» компаниясымен келісіміміз бар. «Қазатомпром» қазір «Аревоймен» бірігіп аталмыш жобаның қаншалықты тиімді екенін талқылауда. Барлық цикл осы сегменттерді қамтиды. Өздеріңіз де байқағандай, барлық сегмент бойынша біз жұмыс істеп жатырмыз», - дейді М.Шәріпов. 

 

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика