Қалаларға шоғырлану

Астана әкімі жас елорданың энергиясы туралы баяндады

Бүгін Астанада Конгресс-холлда қала басшысы И.Н.Тасмағамбетовтың халықпен есептік кездесуі өтеді. Онда маңызды әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық мәселелер талқыланады.
Астана қаласы19 Ақпан , 11:00

«Мемлекет басшысының осы сынды отырыстарды өткізу идеясы елорда халқының проблемаларын шешуге бағытталып, жалпы мақсаттарымыз бен ұсыныстарымызды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Осындай отырыстарға қатысушылардың басым бөлігі өз жағдайларын ғана  айтып қоймай, қаланың қалай дамып жатқанынан құлақдар болғысы келеді», - деді И. Тасмағамбетов.

Мұндай ашық форматтағы кездесулер қаламыздың тыныс-тіршілігінің бір бөлігіне, қаланың дамуының жалпы контурларына айналды. Соның ішінде еліміздің бас қаласында саяси, әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық және инновациялық маңызды оқиғалар да болады.

«Елорда отбасыларында мектепке дейінгі жаста 110 мың бала тәрбиеленуде. Ал 95 мыңы мектеп оқушылары болса, 85 мың студент пен 140 мың жасеңбек етеді. Олардың жасы 29-ға дейін. Осы көрсеткішпен елорда жастары 14 пен 29 аралығындағы жас халықтың 30 пайызын құрап отыр. Ал 2020 жылға қарсы оның саны 350 мың адамнан асады», - деді қала басшысы.

 «Бүгінде 15 жылдың ішінде қала құрылысына салынған инвестициялар мультипликативті экономикалық әсер берді, ал елордамыз өзін-өзі қамтамасыз етуге қабілетті», - деді әкім. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика