Мәдениетті жаңғырту

Шығармашыл қауым өкілдері Астанада «Мәңгілік Ел» көрмесін өткізеді

Бүгін Астанада «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясына арналған шығарашылық көрме өтеді.
Астана қаласы19 Ақпан , 10:50

«Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Қазақстан-2050» Стратегиясын шығармашылық интеллигенция қолдап отыр. Ұлттық идея бізді рухани ізденіске салып, шығармашылық өрлеуге жетелейді. Сол себепті біз суретші, Шымкент педагогикалық институтының профессоры, агротерапевт, балгер Бақтыбек Талқамбаевтың көрмесін өткізіп отырмыз. Оның көрмесі 2000 жылы салынған суреттің желісі бойынша «Мәңгілік Ел» деген атауға ие болып отыр», - дейді ОКҚ брифингінде еңбек сіңірген өнер қайраткері Роза Жүсіпова.

Бақтыбек Талқамбаевтың еңбектерінің көрмесіне 70 шақты авторлық туынды әкелінген.

«Психоэнергетикалық әсермен қатар бұл жұмыстар өнертанушылардың да үлкен қызығушылығына ие болып отыр. Қылқалам шеберінің жұмыстарында заттық, нақтылық, қазақстандық суретшілердің еңбегінен көріп біздің үйреніп қалған шынайылық жоқ», - дейді өнер қайраткері.

Р.Жүсіпованың айтуынша, шараның ашылуы бүгін 16:30-да «Ramada Plaza» қонақ үйінде өткізіледі.

«Бізге, шығармашылық адамдарға, отанымыздың тағдыры бірінші кезекте тұрады. Қазақстан азаматтары мен келер ұрпақ рухани құндылықтардан айырылып қалмай, еліміз барлық салада биікке жетіп, Мемлекет басшысының саяси және экономикалық жоспарларының орындалуы біз үшін үлкен бақыт», - дейді Р.Жүсіпова.




Яндекс.Метрика