Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

2013 жылы ҚР жем-шөп өнідірісі дамудың жаңа серпініне ие болады - Ауыл шаруашылық министрлігі

Ағымдағы жылы республиканың егіс алқабын әртараптандыруға байланысты жем-шөп өндірісі дамудың жаңа серпініне ие болады, деп хабарлады ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өміряев.
Казахстан 01 Сәуір, 00:00


«Осы жылы егіс алқаптарын кеңейтуге байланысты жемшөптік дақылдар мәселесі реттелуі тиіс, жемшөп өндірісі жаңа серпінге ие болады», - деді М.Өміряев.

Осылайша, жемшөп дақылдары 3,1 млн гектарға орналасады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 265 мыңға артық, ал оған қоса, бидай алқаптары 3,5%-ға қысқарады.
Оған қоса, ол қазірдің өзінде монодақылды алқаптардың артуын жою мақсатында егіс алқаптарын жемшөпке, мал азығы дақылдарына, майлыдақылдарға әртараптаныдру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. 
Одан бөлек, вице-министр тұқым тапшылығы жағдайына түсініктеме жасады. 

«Бүгінгі таңда тұқым тапшылығы шамамен 66 мың тоннаны құрайды... Мемлекеттік комиссияның шешімімен аталған тұқым тапшылығы Азық-түлік корпорациясының есебінен өтелуі тиіс. Азық-түлік корпорациясында тұқым қоры да, тұқым алатын ақша да бар. Ол үшін тұқым тапшылығына ұшыраған шаруашылықтар Азық-түлік корпорациясына сәйкес құжаттар пакетін тапсырып, және осы пакет арқылы тұқым алуға тұқым несиесін алуы керек», - деп түсіндірді М.Өміряев.

Ол тұқым тапшылығын жою тетіктері бар екенін тілге тиек етіп, басты мәселе жергілікті атқарушы органдардың Азық-түлік корпорациясымен бірге тиімді әрі үйлестірілген түрде тұқым тапшылығын жоюдың аталған жүйелерін орындауы екенін атап өтті.
 





Яндекс.Метрика