Басқару

ҚР ТЖМ мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы келісті

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпкерлік субъектілерге қысымды азайту мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас туралы Меморандумға қол қойды.
Астана қаласы19 Ақпан , 10:30

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Казақстан 2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған кіші және орта бизнес пен кәсіпкерлерге әдістемелік көмек көрсетуде нәтижелі механизмдерді енгізуде барынша қолайлы жағдай құру бойынша, ТЖ Министрлігі бизнесмендермен кері байланысты орнату арқылы күшейтілген жұмыс жүргізуде. ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бизнес өкілдерінің қатысуымен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Бұл тұста рұқсат берілген рәсімдерін қысқарту, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен рұқсат берілген құжаттарды тапсыру бойынша кемшіліктерді жою және соңында шара қолдану үшін кәсіпкерлердің есептері тыңдалады.

Өзаралық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою – бизнеске қысым көрсетуді азайту бойынша Мемлекет басшысы тапсырмасының әрі қарай дамыту қадамының бірі болып табылады. Меморандум аясында жүйелі түрде мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастығы мен кәсіпорын өкілдерін қатыстыра отыра, біріккен кездесулер, дөңгелек үстелдер  ұйымдастырылады.  

Тексеріс санын одан әрі қысқартылуы үшін, Төтенше жағдайлар министрлігі мен аймақтық қауіп деңгейін бағалау өлшемдері дамуының бірлескен бұйрығымен бекітіліп, қайта өңделген. Өлшемдері қайта қарау қорытындысы бойыншағ, 1851 жекеменшік кәсіпорындардың объектілері жоғарғы дәрежеде тәуекелінен орташаға ауыстырылды, ал орташадан азын-аулақ дәреже тәуекеліне ауыстырылды.




Яндекс.Метрика