Ұлтаралық бірлік

Таразда «Мәңгілік ел» форум – эстафетасы өтті

Жамбыл облысында кең көлемді форум - эстафета болып өтті. «Мәңгілік ел» акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты.
Жамбыл19 Ақпан , 10:20

Облыстың ішкі саясат басқармасында хабарлағандай, өңірдің өршіл ұландары мен жас белсенділер  және ассамблея мүшелері,  зиялы қауым өкілдері еліміздің  ұлы бағдары болар «Мәңгілік ел» идеясын ұлықтауға жиылды. «Тараз арена» кешенінде  ағылған халық легінен -  биік рухтың лебі есіп тұрды.

Қазақ мемлекеті  - байтақ. Тарихын тасқа басқан  көк түркінің текті ұрпағы 21-ғасырда елдік тұғырын нығайтты, теңдік туын желбіретті. Мақсат -асқақ: Өркениетті 30 елдің қатарына ену. Бұл -дамудың сара  жолы, «Мәңгілік ел» жолы.

Бүгінгі форум  - қуатты елдегі шуақты нәтижелерді паш етті. Ал, жолдау жолы -биіктерге бастайды. «Мәңгілік елге» жетелейді.  Ол үшін халықтың тастай түйіліп жұдырықтай жұмылған бірліктегі тірлігі керек. Мұны кемел келешектің тегеурінді тірегі болар Жамбыл азаматтары да түйсіктің тереңіне түйіпті.

Айта кетейік, Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын  Президент әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына жүзеге асыруын тапсырған болатын. 




Яндекс.Метрика