Білім беру

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Елбасы тапсырмасын орындау үшін бірігеді –Е. Олжас оқушы

Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында бірігеді, дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ерғали Олжас Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 19 Ақпан, 10:12

Оның айтуынша, «Мәңгілік Ел» дегеніміз – біздің Елбасымыздың шығарған ұлттық идеясы. Мемлекет басшысы осы арқылы еліміздің 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындады. Мемлекет дамуының осы жолын Президент әрбір бесжылдыққа бөліп жіктеген.

«Біз Қазақстанның 22 жылы ішінде көптеген жетістіктерге жеткенін көрдік. Біздің ең басты мақсатымыз әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Елбасымыз айтқандай, осындай ұзақмерзімді жоспарлар көптеген дамыған елдерде қолданылады. Мысалы, Қытай, Малайзия және Жапония», - дейді Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы.

 

 





Яндекс.Метрика