Басқару

Бас прокуратура мен Қазақстанның Интернет қауымдастығы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

Астанада Бас Прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мен Қазақстан Интернет қауымдастығының Президенті Шавкат Сабиров өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Астана қаласы19 Ақпан , 10:00

Меморандумға қол қоюдың маңыздылығын айта отырып, Андрей Кравченко Бас прокуратура мен Қазақстан Интернет қауымдастығының өзара белсенді әрекеттесуі прокуратура органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жолға қоюдың жалғасы болып табылатынын атап өтті.

Бас прокуратурада хабарлағандай, тараптар Интернет желісінің қазақстандық сегментінде құқыққа қайшы контенттің таралуына қатысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған күш-жігерді шоғырландыруды көздеп отыр.

Балаларды нәпсіқұмарлыққа пайдаланумен, жасы кәмелетке толмағандар порнографиясымен, терроризм мен экстремизмді насихаттау және жариялы түрде ақтаумен байланысты заңсыз ақпараттардың таралуымен және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын басқа да құқық бұзушылықтармен күрес әрекеттесудің негізгі бағыттары болып табылады.

Тараптар атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірлескен ұсыныстарды жүзеге асыру үшін өзара әрекеттесудің түрлі нысандарын пайдалану, ақпаратпен тұрақты алмасу, сондай-ақ халықаралық тәжірибені пайдалану жөнінде келісті.

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика