Басқару

Сенатта екінші деңгейдегі банктерді қайта құрылымдау бойынша заңға өзгерту енгізу мәселесі қарастырылуда

ҚР Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитетінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктерді құрылымдау бойынша өзгертулер мен қосымша енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қаралды
Астана қаласы19 Ақпан , 09:50

Парламенттен хабарлағандай, заң жобасы құрылымы өзгертілген екінші деңгейдегі банктерді қайта құрылымдау және олардың акциясына иелік етуден бас тарту бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған.  Құжатта бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымша енгізу қарастырылған. «ҚР банктер мен банк қызметі», «Акционерлік қоғам», «Бағалы қағаздар нарығы» «Сот орындаушылырының қызметі мен статусы» туралы заңнамаларға өзгертілер мен қосымша енгізу көзделген.

Бұдан басқа, «Қазақстанның даму банкі туралы» заңның 16 бабына қосымша енгізу ұсынылып отыр.

Онда Заң қарастыратын шектеулерді есепке ала отырып және Даму банкінің Меморандумына сәйкес жарғылық капиталды жобаны несиелеуге жіберу мүмкіндігі қарастырылуда. Осы ретте, Даму банкі қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет оның тұрақтылығын анықтап отырады және ол жарғылық капиталды тартуда шешім қабылдау барысында индикатор болады. Қазіргі таңда, Даму банкінің жарғылық капиталы екі жүз елу  миллиард теңге, осыған байланысты жарғылық капиталдың көлемі бойынша өзгертулер енгізілуде.

Сонымен қатар, заң жобасына өзгешелігін түсіндіретін өзгертулер де енгізілді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді. 




Яндекс.Метрика