Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Жобаларға, өнімге, жұмысқа және қызметке санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру қызметін енді ХҚКО-нда алуға болады – ККМ

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарында өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді салу және қайта жаңарту, қоршаған ортаға зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша құжаттамаларды, жерүсті және жерасты көздерінің санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету бойынша құжаттамаларды, геологиялық зерттеулерге арналған құжаттамаларды, елді мекендер құрылысын жоспарлау жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды және көптеген басқаны алуға болады.
Казахстан19 Ақпан , 09:30

Көліккомминде хабарлағандай, бұл қорытындыларды алу үшін стандартты жиынтық – жеке басы куәлігі, қоршаған ортаға тиетін әсерді алдын ала бағалау, алдын ала жобалау, жобалау құжаттамасы және объектінің сипаттамасы туралы түсіндірме жазбамен материалдар. Сондай-ақ нақты қандай қорытынды керектігіне байланысты, арнайы құжаттар мен жобалар.

«Бұрын мұндай қорытындыны алу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне жүгіну қажет еді. Енді оларды кез-келген ХҚКО-нда, сондай-ақ«Connection Point» өзіне өзі қызмет көрсету алаңдарында алуға болады» - деп, ХҚКО қызметтерін автоматтандыру және ұйымдастыру жөніндегі бас директордың орынбасары  Әсемгүл Балташева атап өтті.

Сонымен бірге бұл қызметті ҚР электрондық үкіметінің www.egov.kz порталында алуға болады. Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба және барлық қажетті жобалар мен құжаттардың сканерленген нұсқалары болуы тиіс. Берілген өтініштің мәртебесін «Менің өтініштерім» тарауында бақылауға болады, ал рұқсат алу туралы «Менің рұқсат берілген құжаттарым» тарауында білуге болады. Қызметті көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні, яғни осы уақыт ішінде сізге өтінімді өңдеу туралы хабарлама немесе бас тарту туралы негізделген жауап келуі тиіс. Қызмет тегін көрсетілетінін айта кеткен жөн.




Дерекнама

Яндекс.Метрика