Парламент

Мәжіліс бәсекелестік мәселелері жөніндегі заңнаманы талқылайды

Бүгінгі Мәжіліс Бюросында алдағы өтетін депутаттардың жалпы отырысында қаралатын күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі.
Астана қаласы21 Желтоксан , 00:00

«Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұсынысымен күн тәртібінің жобасына арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңының жобасын бірінші оқылымға қосып отыр. Осы комитеттің берген ақпаратымен кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша заңнама екінші оқылымға депутаттар талқылауына шығарылатын болады», - делінген хабарламада.

Парламентшілердің қарауына Әлеуметтік-мәдени даму комитеті әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заң жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымға ұсынатын болады.

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин салалық комитеттерге осы мәселелермен қосымша жұмыс істеуді тапсырды.




Яндекс.Метрика