Ұлттың денсаулығы

Алматы облысында заманауи қондырғымен жабдықталған 65 автокөліктің кілті тапсырылды

Талдықорған қаласының орталық алаңында бірқатар медициналық ұйымға жедел жәрдем қызметіне арналған 65 санитарлық автокөліктің кілттері табысталды.
Алматы19 Ақпан , 09:10

Облыс әкімдігінде  хабарлағандай, денсаулық сақтау саласын  қаржыландыру облыс көлемінде жылдан-жылға ұлғайып  келеді. Мәселен, 2012  жылы  52,6  млрд. теңге,  ал   биылғы  жылы  бұл  мақсатқа  68,6 млрд. теңге  бөлініп отыр.  Облысымызда  «Саламатты  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасының  бірінші  кезеңі  аясында   2013  жылы  3 млрд. теңгеден  аса  қаражат  қарастырылды.

«Медициналық   ұйымдардың  материалдық-техникалық  базасы  нығайтылып, құрал-жабдықтар  алынды,  21 денсаулық  сақтау  нысанына күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізіліп, жаңадан  2  аурухана  және  11 дәрігерлік  амбулатория  қолданысқа берілді,  жалпы құны  798 млн. теңге  болатын  65 автокөліктің  кілтін салтанатты түрде  табысталды», - деді Аңсар Мұсаханов.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика