Инвестициялар

Еуропалық инвестициялық банкпен ынтымақтастық шетел инвестицияларын тартуға мүмкіндік береді – ЭБЖМ

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Вильгельм Мольтерермен кездесті.
Астана қаласы18 Ақпан , 17:50

ЭБЖМ-де хабарлағандай, тараптар екіжақты ынтымақтастық сұрақтары жайлы, қазақстан экономикасына және елдегі іскерлік белсенділікті дамытуға инвестицияларды тартуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік туғызу сұрақтарын талқылады.

Қазақстан мен ЕИБ арасындағы ынтымақтастықты Еуропалық одақпен кешенді дамудағы  әріптестік орнатудың маңызды элементі ретінде және біздің елдің ірі сауда-экономикалық әріптесі ретінде қарастырып отыр, - деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, ҚР ЭБЖМ басшысы әріптестік Қазақстанда шетелдік инвестициялар мен іскерлік белсенділікті дамытуға ынталандырады деп атап өтті.

Қазақстанның даму банкі мен КазАгро жобаларын қаржыландыру Қазақстанның орта нарықтық капитализацияланған компаниялары мен энергетика саласына, инфрақұрылымға және өнеркәсіп өндірісі мен агроазықтық секілді салаларға сүйенетін компаниялардың даму секторына қолайлы әсерін тигізеді.




Яндекс.Метрика