Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

2013 жылы ДСМ медициналық қызмет көрсетудің 6 стандартын мақұлдады – Е.Байжүнісов

2013 жылы ДСМ медициналық қызмет көрсетудің 6 стандартын мақұлдады. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлімдеді.
Астана қаласы18 Ақпан , 17:08

Министрдің айтуынша, адам ағзасына, денсаулығына қатысты барлық нәрсе отандық немесе халықаралық талаптарға жауап беруі керек.

«2013 жылы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсетудің 6 стандартын мақұлдады, соның ішінде онкология, неврологиялық қызмет, паллиативтік, трансфузионды көмек, бейімдеу, жедел медициналық қызмет, санитарлы авиация түріндегі жедел медициналық қызмет бар», - дейді вице-министр.

Әсіресе ол жедел медициналық көмек қызметіндегі стандарттау жұмыстарын жоғары бағалады.

«Аталмыш қызметтің жеделдігі бұл салаға барынша мұқият және жоғары талаптарға жауап беруді мәжбүрлейді. Бүгінде біз машиналарымыз қызмет көрсететін шақыртуды үш топқа бөліп қарастырдық. Науқасқа жол тартқан көлік ең ұзақ дегенде 30 мнут ішінде жетуі керек», - дейді министр орынбасары.

Оның айтуынша, Павлодарда жедел жәрдемнің орташа жету уақыты 9 минут болса, Алматыда бұл көрсеткіш 11 минутты құрайды.

«Осы стандарттардың арқасында біз барлық көліктерімізді қайта жарақтандырамыз. Ресейлік «УАЗ» көліктерінен біржола тазарып, біз тек қана талаптарға жауап беретін заманауи медициналық құрылғылармен жарақтандырылған көліктерге ие боламыз», - дейді министр орынбасары.




Яндекс.Метрика