Инвестициялар

ИЖТМ Инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық жоспарға түзетулерді енгізбек

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, бүгін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Әсет Исекешевтің төрағалығымен Қазақстанға шетелдік инвесторларды тарту жоспарларын түзету мәселелері бойынша кеңес өтті.
Астана қаласы18 Ақпан , 16:30

Министрлікте хабарлағандай, кеңеске шетел мемлекеттерінің ҚР-дағы елшіліктерінің, «Қазақстандық шетел инвесторларының кеңесі» Қауымдастығының, Еуропалық Одақтың ҚР-дағы Өкілдігінің, халықаралық және ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.

Әсет Исекешев, Президент қойған міндеттерді орындау маңыздылығын белгілей отырып, Қазақстанның жаңа технологиялардың трансфертінде және елімізге шетелдік инвесторларды белсенді тартуда мүдделі екендігін айтты.

Осы уақытта Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірге инвесторлар үшін бірқатар жаңа жеңілдіктерді дайындап жатыр. Олардың кейбіреулері бүгінгі кездесуде талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша инвесторларды қолдаудың қаралатын шаралары бойынша елді индустрияландыруға инвесторларды белсенді тарту мақсатында кедергілерді жою және жаңа стимулдарды жасау жөнінде бірлескен жұмыс тобын жасау туралы шешім қабылданды.

Барлық мәселелер пысықталғаннан кейін, жақын арада ҚР Премьер-министрінің қатысуымен Үкіметте кеңес өткізу жоспарлануда.

Кеңестің қорытындыларын шығарып, Әсет Исекешев мемлекеттік органдардың назарын ҮИИД бағдарламасы аясында инвестициялық саясаттың басымдығына және осы бағыттағы алда тұрған үлкен жұмысқа аударды.

 

 

 




Яндекс.Метрика