Шағын және орта бизнесті дамыту

Моноқалаларда кәсіпкерлер субсидияларды салалық шектеусіз алады

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде салалық шектеусіз кәсіпкерлердің барлық жобалары осы шарттарда субсидиялауға қатыса алады, деп хабарлады ҚР Өңірлік дамудың вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.
Казахстан28 Наурыз , 00:00


«Моноқалалардағы барлық салалық шектеулерді алып тастадық. Енді бизнестің кез-келген түрі моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша субсидия ала алады», - деді Қ.Өскенбаев.
Сонымен қатар, ол мемлекет кәсіпкерлікті дамыту жүйесін жетілдіруді жалғастыратынын айтты.
Оған қоса, жергілікті атқарушы орган өкілдеріне айтқан сөзінде, мемлекеттік субсидиялаудың мақсатты трансферттері тек қалалардың инфрақұрылымын жетілдіруге ғана емес, монопрофильді қалалардың кәсіпкерлігін белсенді және әртарапты дамыту үшін бөлінетінін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Өңірлік даму министрлігі, «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры екінші деңгейдегі банктердің және лизингтік компаниялардың қатысуымен Серіктестік туралы келісімге қол қойды.

Аталған келісім әрекеттегі кәсіпкерлерге еліміздің 20 моноқаласында банктардан алатын несиелер мен лизингтік мәмілелер бойынша 10% сыйақы мөлшерлемесімен мемлекеттік субсидиялар алуға мүмкіндік береді.
 




Яндекс.Метрика