Кедендік одақ

Қазғарыш басшысы ресейлік әріптестерімен келіссөздер жүргізеді

Ү.ж. 20-21 ақпанда ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың Мәскеу қаласына (РФ) ағымдағы жылғы алғашқы жұмыс сапары жоспарлануда.
Астана қаласы18 Ақпан , 16:05

Қазғарышта хабарлағандай, жұмыс сапары барысында ҚР ҰҒА төрағасы Т.Мұсабаев Роскосмос басшысы Олег Остапенкомен кездесетін болады.

Аталған кездесу аясында Қазғарыш және Роскосмос басшылығы 2014-2016 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану бойынша Жол картасында бекітілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізеді.

Естеріңізге салайық, Жол картасын құрастыру бойынша тапсырма Мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аймақаралық ынтымақтастық форумында берілді, ал былтырғы жылғы желтоқсан айында Қазақстан және Ресей үкіметтері аталған құжатқа қол қойды.

Аталған Жол картасы «Байконур» ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласының қызмет етуі мен дамуы, «Бәйтерек» ҒЗК жобасының жүзеге асуы, сондай-ақ «Байқоныр» кешені бойынша шарт-құқықтық базасын жетілдіру мәселелерін қамтиды.

 

 




Яндекс.Метрика