Парламент

«Нұр Отан» пратиясы фракциясының депутаттары ҚР-дағы әлеуметтік қызметтерді стандарттау мәселесін талқылауда

Бүгін Астанда «Нұр Отан» фракциясының депутаттары Парламент Мәжілісінде ҚР-дағы әлеуметтік қызметтерді стандартау мәселесін талқылады, деп «Strategy2050.kz» АА тілшісі хабарлайды.
Астана қаласы18 Ақпан , 15:57

«Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында «мемлекет жаҺандық дағдарыс барысында тұрғындарға экономика өсімі мен бюджетке байланысты әлеуметтік кепілдендірілген стандартты, яғни біз өзіміздің азаматтарымыз үшін ең аз әлеуметтік кепілдердірілген стандартты ұсынуымыз керек», деген болатын, - деп «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрағасы Айткүл Самакова Президенттің сөзін келтірді.

Оның айтуынша, әлеуметтік минималды стандарттар ҚР-ның 2030 жылға дейін әлеуметтік дамуы туралы жалпы ұлттық тұжырымдамасында көрсетілген.

 «Жақында ғана біз ҚР «Әлеуметтік минималды стандарттар мен кепілдер» туралы заңнамасын қарауға алдық. Белгілі болғандай, бұл заңды Праламент депутаттары ұсынды», -  деп ол атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік минималды стардарт - ол  әлеуметтік қызмет пен қаржылай төлемнің минималды көлемі, ол ҚР Контитуциясы мен басқа да әлеуметтік кепілдеме мен азаматардың құқығы туралы заңнамалық актілерін орындау үшін  арналған.

«Мұнда мемлекеттің минималды әлеуметтік стандарты болуы тиіс әлеуметтік саланың барлық бағыттары қамтылған. Олар еңбек, әлеуметтік қамтамасыз ету,  білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй қатынасы, кепілдендірілген мемлекеттік заң қызметі», - деп  А.Самакова түсіндіріп өтті.




Яндекс.Метрика