Өңірлер

ШҚО-ның әкімі жалақыны көтеруді тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақыны 10%-дан кем емес көтеруді тапсырды.
Шығыс Қазақстан18 Ақпан , 15:00

«Облыстағы кәсіпорындардың барлығы жалақыны 10%-дан кем емес көтеруі керек. Оның үстіне, олардың оған мүмкіндігі жетерлік.  2013 жылдың қорытынды есептері бойынша оларда экономикалық өсім мен даму байқалады. Бұл дегеніңіз жұмысшылардың жалақысын көтерудің алғышарттары», - деп Б. Сапарбаев атап өтті.

Бұдан басқа, ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлағандай, жалақыны көтеру азаматтық салада да көзделген. Облыстың бюджет қызметкерлері мұны ұлттық  валюта бағамының түзетілуінен кейін қажеттілік деп бағалап отыр.

Ал, шағын және орта бизнес пен шару қожалықтарының қаржылық жағдайын әкім сараптауды ұсынды. Дегенмен, оларда жұмысшыларына еңбек ақыларын  5%-дан кем емес көтеруді қарастыруы керек.

 

 

 




Яндекс.Метрика