Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

ИЖТМ мен Маңғыстау облысының әкімдігі туризм саласында бірге жұмыс істейді

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігі «Кендірлі» демалыс орнын дамытудың жүйелік жоспарын жүзеге асыру аясында бірге жұмыс істейді.
Маңғыстау18 Ақпан , 14:40

Ведомствоның хабарлауынша, 2014 жылдың 14 ақпанында өткен Үкіметтің кеңейтілген  отырысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Кендірлі» демалыс орнына қатысты берген тапсырмасы аясында Маңғыстау облысының әкімдігінде аймақтың ішкі туризмін дамыту бойынша жиналыс өтті.

Алқалы отырыста ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі  Нұрлан Сауранбаев пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары  Рахымбек Әміржанов туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға  қол қойды.

Осылайша, қос тарап «Кендірлі» демалыс орнын дамытудың жүйелік жоспарын жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Жақын арада ИЖТМ мен Маңғыстау облысы әкімдігі демалыс орнын дамыту бойынша ортақ жұмыс жоспары құрылады.

ҚР ИЖТМ мен Маңғыстау облысының әкімдігі ішкі және келушілер туризмі саласында және туристік имиджді қалыптастыру мен жақсарту, туристік азық-түлік пен қызмет көрсету сапасын артыру, инвестиция тарту, туризм саласына білікті мамандарды тарту мен тұрақты туризмді дамыту аясында  бірлесіп жұмыс істейді. Маңғыстау облысында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық аясында арнайы туристік азық-түлік ойластырылады. 

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев атап өткендей, Елбасының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларын жүзеге асыру үшін  ҚР ИЖТМ тапсырысымен «ҚИДИ» АҚ «THR»  халықаралық экспорттаушылар компаниясының тобымен бірлесіп «Кендірлі» демалыс орнын дамытудың жүйелік жоспарын жасады. Онда курорттық аймақты дамыту стратегиясы, инвесторлар мен басқа да курорттық аймақты зерттеу бойынша қолайлы жағдай жасау қарастырылған. Жүйелік жоспарды жасау барысында жүргізілген зерттеулер мен басқа аймақтардың туристік саланы дамыту бойынша жоспарларына сүйене отырып Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін туристік саланы дамыту бойынша тұжырымдама жасақталды, ол келер жылы қабылданатын болады. 




Яндекс.Метрика