Инвестициялар

«ҚазАгро» жыл соңына дейін 75 инвестициялық жобаны іске қосуды жоспарлауда – Д. Айтжанов

«ҚазАгро» жыл соңына дейін 75 инвестициялық жобаны іске қосуды жоспарлауда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі»АҚ Басқармасы төрағасы Дулат Айтжанов хабарлады.
Астана қаласы18 Ақпан , 14:30

««ҚазАгро» құны 237,5 млрд. теңге болатын 346 жоба қаржыландырды. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру аясында құны 237,5 млрд. теңге болатын 346 жоба қаржыландырылып, 290 жоба іске қосылды, оның ішінде 160 жоба 70% астам қуаттылыққа жетті. Өткен жылы 68 жоба пайдалануға берілген болатын. Сондай-ақ, Д. Айтжанов биылғы жылы құны 29 млрд. теңге болатын 42 өтінім қарауда жатқанын және 75 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр», - деді Д. Айтжанов.

Сондай-ақ, оның айтуынша енгізілген жобалардың  еңбек өнімділігі орташа есеппен бір қызметкерге 17,1 мың АҚШ долларынан келеді.

«Ел бойынша АӨК өнімділігі жылына 9,9 млрд долларды құрайды. Холдинг 15,4 мың адамды жұмыспен қамтып отыр», - деді Д. Айтжанов. 




Яндекс.Метрика