Өңірлер

«ҚазАгро» ҰБХ» 2014 жылы 100 млн доллар тартты – Д. Айтжанов

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ағымдағы жылы 100 млн доллар тартты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысына «ҚазАгро» Ұлттық басқарма холдингі» басқарма бастығы Дулат Айтжанов мәлімдеді.
Астана қаласы18 Ақпан , 14:20

«Ағымдағы жылы біз 100 млн доллар тарттық, ақпан- наурыз айында тағы 100 млн долларды тарту жоспарланған. Өткен жылы холдинг «BBB+» рейтингіне ие болған, ол «Евробонды» отпускіне алғаш қатысып тұрған қатысушылар үшін қайтармызсыз қарыз беруге мүмкіндік берді», - деді Д. Айтжанов.

Д. Айтжанов атап өткендей, бұл қаражат ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге бағытталған.

«Тапсырма бойынша жаңа қосымша ресурстарды тарту керек болатын – қаржыландыру көлемі өзге ресурстарға қарағанда жоғары болғандықтан қаржылық көмек көрсету бойынша жаңа қаржы тарту керек болатын. Біз қазір өткен жылдың желтоқсанынан бастап ынтымақтастық қарым-қатынас ету бойынша жұмыстарды бастаған болатынбыз», - деді ол.




Яндекс.Метрика