Өңірлер

2014 жылы мал өнімінің экспорттық тасымалдануы 3 млрд теңгені құрады – Д. Айтжанов

Ағымдағы жылы мал өнімінің экспорттық тасымалдануы 3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында «ҚазАгро» Ұлттық басқарма холдингі» басқарма бастығы Дулат Айтжанов мәлімдеді.
Астана қаласы18 Ақпан , 13:58

«Ағымдағы жылы бесінші тапсырма аясында мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық жеткізілімдері 2,9 млрд. теңгені құрайды. ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы басталғалы 52 мың басқа арналған  75 шаруашылық репродуктор іске қосылды», - деп  Д.Айтжанов хабарлады.

Жалпы, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша фермерлік шаруашылықтар ІҚМ  төлдейтін 165,7 мың басын және  7,3 мың бұқа алынды. Бұдан басқа, ІҚМ 17,7 мың басына арналған 5 мал семіртетін орын салынды.

«2013 жылы холдинг қаржыландырған жобалар бойынша  1870 тонна етпен ет өнімдері РФ мен Беларусияға экспортталса, оның  1400 тонна еті Мәскеуге жөнелтілген.  Сонымен қатар, 890 тонна жүнді РФ, Италия мен ҚХР жіберілді. 

Ал, ҚХР мен Германияға жартылай былғарыдан иленген былғарының 2330 тоннасы экспорталды. Жалпы экспорт сомасы 1,5 млрд. теңгені құрады», - деп «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Дулат Айтжанов мәлімдеді.




Яндекс.Метрика