Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2014 жылы «ҚазАгро» сауда-логистикалық орталық құрылысын бастайды – Д.Айтжанов

«ҚазАгро» ҰБХ биыл сауда-логистикалық орталық құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Дулат Айтжанов мәлімдеді.
Астана қаласы18 Ақпан , 13:50

«Аталмыш жобаның толыққанды атқарылуы үшін атқарылуы тиіс екінші міндеттеме – сауда-логистикалық орталық құрылысы. Осы орайда аталмыш жобаны іске асыру үшін индонезиялық әріптестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз биыл осы орталықтың құрылысын бастауды көздеп отырмыз. Сонымен қатар өнімді қалаға тасу үшін шағын жүк көліктері мен тауар қоршауы үшін рефрижерантор автокөліктерді алу ойда бар», - дейді Дулат Айтжанов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, «нарыққа шаруа қожалықтары мен фермерлердің қолжетімділігін қаматамасыз ететін ыңғайлы жүйесі қалыптасқан Украина тәжірибесі зерттелді».

«Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға барлық жағдай жасалған – нарыққа бөлек кіріс, өнімдерін сақтайтын бөлек сақтау камерасы, жұмыс кабинеттері қарастырылған. Және жұмыс орны 20 жылға беріледі. Осыны білетін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер өздерінің несібесін алып қалуға тырысады», - дейді «ҚазАгро» басқарма төрағасы.

Басқарма төрағасының айтуынша, нарық өкілдері өңірлерге шығып, фермерлер жағдайымен танысады және жобаны іске асыру механизмдерін көзбен көреді.

«Бүгін қазақстандық инвесторлармен келіссөздер жүргізіледі. Біз барлық құжаттарды дайындап, оларға өз ұсынысымызды айтуға дайын отырмыз. Сату нарығына қолжетімділік мәселесіне келер болсақ, холдинг тарапынан Астана азық-түлік белдеуі аясында тауар айналымы жүйесі дайындалды. Ондағы мақсат – сауда желілері мен өндірушілер арасында тікелей байланысты қалыптастыру. Бұл жүйе үш бірдей өнімді енгізуді қарастырады. Біріншісі – АТ өнімдері, екіншісі – логистикалық қойма құрылысы, үшіншісі – транспорттық логистикамен қамтамасыз ету», - дейдіД.Айтжанов.




Яндекс.Метрика