Өңірлер

2013 жылы «ҚазАгро» АӨК-ні қолдауға 193,5 млрд теңге бөлді – Д. Айтжанов

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов ведомствоның 2013 жылғы жұмыс қорытындысымен таныстырып өтті.
Астана қаласы 18 Ақпан, 12:45

«Өткен жылы холдинг аграрлық секторды қолдауға 193,5 млрд. теңге жұмсады, оның ішінде 171,2 млрд. теңге сома немесе 90% - несиелендіруге берілді. Қаржыландыру құрылымындағы республикалық бюджет қаржысының үлесі жыл сайын төмендеп келеді және 2013 жылы бұл көрсеткіш 9% құрады»,- деді Д.Айтжанов өз сөзінде.

«Жылдың қорытындысы бойынша Холдингтің жинақталған несиелік қоржыны агроөнеркәсіптік кешенді несиелендіруге жұмсалған жалпы соманың 48% құрап отыр. Селолық шағын несиелердің 93 пайызын Қаржылық қолдау қоры берді және ауыл шаруашылығы техникаларының үштен екісі «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан лизингке алынып отыр»,- деп хабарлады «ҚазАгро» басшысы.

Оның айтуынша, Қордың борышкерлер саны бүгінде 22 мың адамға жеткен.

Инвестициялық бағдарлама аясында 237,5 млрд теңгеге 346 жоба қаржыландырды. Қолданысқа 290 жоба берілсе оның ішінде 160 жоба жоғары қуаттылық 70 пайызға жетті.

Д. Айтжановтың айтуынша, өткен жылы қолданысқа 68 жоба берілді. «Ағымдағы жылы холдинг қарамағында 42 жоба бар, ағымдағы жылдың соңында 75 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр», - деді «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы.

Айта кетейік, еген жобаларда еңбек өнімділігі орташа есеппен 17,1 мың долларды құрады. Салыстырмалы түрде АӨК өндірісі  жылына бір қызметкерге  9,9 мың долларға шығады.

Холдинг 15,4 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.





Яндекс.Метрика