Өңірлер

2014 жылы «ҚазАгро» 17,5 мың қарызгерге несие беруді жоспарлап отыр - Д.Айтжанов

Ағымдағы жылы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ 17,5 мың қарызгерге несие беруді жаспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Дулат Айтжанов мәлімдеді.
Астана қаласы18 Ақпан , 13:09

«Мемлекет басшысы біздің холдинг алдына  7 міндет қойды.   Бірінші тапсырма - ол қаржы секторындағы экономиканы оның ішінде шағын және орта бизнесті несиелеу белсенділігін арттыру», - деді  Д. Айтжанов.

Сонымен, оның айтуынша, «2013 жылы холдинг шағын және орта бизнесті несиелеуді 20%-ға арттыруға жағдай жасады. ШОБ несиелеу екі есе артырылып,  егер 2012 жылы 131,3 млрд. теңге несиеге берілсе өткен жылы бұл көресткіш 156 млрд. теңгені құрады».

«2012 жылы 7803 несие берілді, 2013 жылы ол 15618-ге жетті.  Ағымдағы жылы біз  17,5 қарызгерге несие беруді жоспарлап отырмыз.  Екінші тапсырма  - негізгі даму бағдарламаларының  аясында барлық қалалар мен ауылдарды қамту үшін барлық шараларды қабылдау», - деп ол атап өтті.

Д.Айтжановтың мәліметі бойынша, холдингтің барлық бағдарламалары аясында еліміздегі өңірлер мен аудандық дәрежедегі қалалар түгелдей дерлік қамтылған

«Барлық елдімекендерді қамту үшін несие беруді жеңілдету аясында электронды түрде өтініш тастау жүйесін жүргізуде. Бұл өз кезегінде жинайтын құжаттар саны мен өтініш беру уақытын  30 минутқа дейін қысқартады», -  деп «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы ойын түйді. 




Яндекс.Метрика