Урбанизация және өңірлер дамуы

Заманауи агломерация жасауға Қарағандыда барлық мүмкіндік бар

Заманауи агломерация жасауға Қарағандыда барлық мүмкіндік бар, дейді қала әкімі Мейрам Смағұлов.
Қарағанды18 Ақпан , 12:07

«Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Мемлекет басшысы инфрақұрылымдық триаданы дамыту – агломерация, транспорт пен энергетиканы дамытуды қолға алу қажеттілігін айтты. Қарағанды үшін бұл міндеттеме басты екі бағыт – транспорттық жүйе мен энергетиканың дамуымен тығыз байланысты. Қарағанды – еліміздің ең ірі қалаларының бірі. Шаһардың халқы шамамен жарты миллионды құрайды. Айналасына жол-транспорттық инфрақұрылымды дамытпай өмір сүруге қолайлы қала салу мүмкін емес», - дейдіМ.Смағұлов.

Оның айтуынша, бүгінде Қарағандының атқарушы органдары үшін бұл бірінші кезектегі мақсаты болып табылады.

«2013 жыл жол жылы болып жарияланып, соның аясындағы жоспарланған шаралар аясында 57 көшеге орташа деңгейлі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы қала бойынша орташа деңгейлі жөндеу жұмыстарымен 92 мың шаршы метрденастам жол жөнделді. Қаланың орталық көшелерінде ұсақталған тасты қаршайыр асфальтін қолдану арқылы асфальттауға жетілдірілген технологиялық әдіс пайдаланылды. Жол жөндеу бойынша бюджет көлемі шамамен 6 млрд теңгені құрып, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 4 есеге артты. Осы шаралардың барлығы 2015 жылға қарай жоғарғы деңгейлі сапалы жолдардың үлес салмағын 83%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал 2020 жылға қарай барлық жолды асфальтті төсемемен қамтамасыз ету жоспарланған», - дейді М.Смағұлов.

Қарағанды әкімінің айтуынша, осынау жұмыстардың маңызды бөлігі ретінде дер кезіндегі  және сапалы қозғалтқыш құрамның алуымен қоғамдық көліктерді дамытуды атауға болады. GPS-навигаторларға қосылған коғамдық көліктер жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыра түседі.

«Энергетикалық секторда бірқатар ірі жобалар қолға алынуда. Олар ірі көлемді құрылыс нысандарына техникалық қызмет көрсетіп, өндірістік қуаттылықты аттырып, индустриялды-инновациялық өндірістерге жол ашуы керек. Сонымен қатар 47 км магистралды жылу желілері мен 58 км су құбыры мен су айдау желілері жөндеуден өтті. Пришахтинск ауданының жылу беру қызметін жетілдіру үшін М8 негізгі жылу магистралін қалпына келтіру жұмыстры жүргізілуде. Біз үшін күн тәртібіндегі мәселелердің бірі шағын елді-мекендерді жылумен қамту болып отыр. Сол үшін «Шахтер» шағын ауданындағы жылу желілерін қалпына келтіру жобасын дайындау жұмыстары басталып кетті. Қаланың осы бөлігі бұрындары орталық жылу желісіне қосылмаған еді», - дейді әкім.

Қала әкімінің айтуынша, соңғы жылдары электрүнемдеу желілерінде жаңғырту жұмыстары көптеп жүргізілуде.

«Мысалға, 2013 жылы трансформаторлық шағын бекеті мен электр желісін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл өз кезегінде шығынды 60%-дан  4%-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді. Менің ойымша, трансформаторлық шағын бекеті мен электр желісін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары Қарағандының алдағы уақытта заманауи агломерациясына жағдай жасамақ», - дейді қала басшысы.




Дерекнама

Яндекс.Метрика