Үкімет

С. Ахметов ет экспорты кешенді жоспарының тиімділігін арттыруды тапсырды

Бүгін, 18 ақпанда, Үкімет отырысында 2011-2015 жылдарға арналған ірі қара мал етінің экспортын дамыту кешенді жоспары қаралды.
Астана қаласы18 Ақпан , 12:08

«Отырысты ашқан Премьер-Министр Елбасы халыққа Жолдауында және жақында ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген  отырысында агроөндірістік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды тілге тиек етті, деп атап өтті», -  деп ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтың хабарлауынша,  «мемлекеттің ынталандыру шараларының  арқасында  бір-бірімен тиімді  әрекеттесу бойынша  жобаның барлық техникалық тізбегі құрылды».

Сонымен, жоғары сапалы премиум санатындағы  сиыр етінің экпорты басталды. 2013 жылы 4 мың тоннадан астам ет өнімдері экспорталды, оның ішінде 340 тоннаға жуық премиум санатындағы сиыр етіде бар.

Отырысты қорытындылай келе Үкімет басшысы кешенді жоспарды табысты жүзеге асыру көбіне жергілікті билік органдарына байланысты, деп атап өтті.

Премьер-Министр бірқатар облыс басшыларына аталмыш бағдарламаның жүзеге асуын қадағаламайтын ауыл әкімдерінің өз қызметіне сай емес екендігін алға тартты. 

Сонымен бірге, Үкімет басшысы басқа да уәкілетті органдарға кешенді жоспардың тиімділігін арттыру үшін бірқатар тапсырмалар берді. 




Яндекс.Метрика