Өңірлер

Kaspi bank биылғы жылдың 1-інші наурызынан бастап жұмыскерлер жалақысын көтереді

Kaspi bank 2014 жылдың 1-інші наурыздан бастап жұмыскерлер жалақысын 10%-ға көтеру мақсатымен еңбек төлемі нарығына 1,5 млрд теңге инвестициялайды.
Казахстан18 Ақпан , 11:50

«Біз барлық жұмыскерлердің еңбекақысын 10 пайызға көтеру туралы шешім қабылдадық. Еңбек төлемі қорының көбеюі 1,5 млрд теңгеден асады. Бұл қаражат біздің басты капиталымыз, аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат барлық Қазақстанға қаржыық қызмет көрсететін қызметкерлерімізге бағытталған», - дейді Kaspi bank басшысы Михаил Ломтадзе.

Қазіргі таңда банкте шамамен 10 000 қызметкер еңбек етеді. 2014 жылы тағы 2 000-дай жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Айта кету керек, 2013 жылы банк қызметін 3 млн-дай қазақстандық пайдаланған. 2013 жылдың қорытындысы бойынша, банктің шоғырланған активтері шамамен 870 млрд тенге және 93 млрд тенге көлемінде капиталды құраған.




Яндекс.Метрика