Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

2013 жылы қазақстандық ауруханаларда 54 онкокабинет ашылды

Қазақстанда 2013 жылы онкологиялық көмек көрсету бағдарламасының аясында 54 онкокабинет, 138 мамологиялық кабинет, 18 проктологиялық кабинет ашылды.
Казахстан18 Ақпан , 11:41

«2013 жылы өспелі жаңа пайда болымдардың диагностика бағдарламасы кеңейтілді. Республиканың 6 аймағында: ШҚО, Павлодар, БҚО, Қызылорда облысы мен Алматы, Астана қалаларында ішек қарын, бауыр, өт обасының скринингі енгізілді. Ағымдағы жылы Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай және СҚО енгізіледі», - деп Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.

Сондай-ақ, 2013 жылы 54 онкологиялық кабинет, 138 маммологиялық кабинет, 18 проктологиялық кабинет ашылды.

Өткен жылы онкодиспансерлерді заманауи қондырғылармен жабдықтау басталған болатын. Олар: сандық маммография, компьютерлік томорафия, эндовидеоскоптикалық қондырғылар.

Естеріңізге салайық,ҚР-да 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы 2012 жылы наурызда қабылданған болатын. Бұл өмір сүру сапалығын арттыру, өлім-жітім санын азайтуға өзіндік септігін тигізеді. 




Яндекс.Метрика