Өңірлер

2014 жылы «ҚазАгро» «Сыбаға» бағдарламасына қатысушыларды жеңілдетілген жүйе бойынша қаржыландырады - А.Мамытбеков

2014 жылы «ҚазАгро» ұлттық холдингі «Сыбаға» бағдарламасына қатысушыларды жеңілдетілген жүйе бойынша қаржыландырады, деп ҚР Үкіметінің ірі қара малдын етін экспорттау әлеуетіне арналған отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ағынан жарылды.
Астана қаласы18 Ақпан , 11:34

«Осы жылдан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингі «Сыбаға»  бағдарламасына қатысушыларды жеңілдетілген жүйе бойынша  және бұқаларды сатып алуды кепілдемесіз қаржыландыратын болады. Кәсіпкер-фермерлер тарапынан болған қандайда бір жағдайда Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы департаментіне хабарласқан жөн», - деді А.Мамытбеков.

Сонымен қатар, ҚР-да мал өсіруді субсидиялауға жаңа бағыттар ұсынылуда. 

«Осы жылдан бастап біз төлдейтін мал мен жем бағасын арзандатуға берілетін субсидияларды біріктірдік. Нәтижесінде төлдейтін малдың бір басына 18 мың теңге субсидия беріледі. Бұл шетелден асыл тұқымды сиырларды алып келуге және осылай еліміздің мал шаурашылығын генетикасын жақсартып, аталмыш саладағы бизнестің әлеуетін көтеруге бағытталған», - деп ведомство басшысы атап өтті.

Айта кетерлік жайт, төлдейтін малды күту тиімділігін артыру үшін тұқымды мал ісін дамыту керек.

«Егер бағдарлама басталған тұста асылтұқымды мал басы 5,6% құраса, бүгінде ол 9%-ға жетті. Ал, ІҚМ жалпы көлеміне төлтейтін мал санын шаққанда ет саласында бұл көрсеткіш 14,6%-ға жетті.  Жалпы, ет саласындағы төлдейтін мал санының артуы 130% болды. ІҚМ ішіндегі төлдейтіндер саны 55 мың басты құрады», - деп министр хабарлады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика