Қалаларға шоғырлану

ҚДБ 120 млн евроны құрайтын EIB кредиттік желі тартты

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) Еуропалық инвестициялық банктен (European Investment Bank, EIB) жеңілдетілген шарттарда жалпы сомасы 120 млн евроны құрайтын кредиттік желіні тартуға негіздемелік келісімдер жасады.
Астана қаласы18 Ақпан , 11:30

ҚДБ-де хабарлағандай, келісімдерге қол қойылғандығы жайлы тиісті мәмілені 2014 жылы 18 ақпанда Астана қаласында ҚДБ Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушы Асқар Достияров пен EIB вице-президенті  Вильгельм Мольтерер жасасты.

Қол қою рәсіміне ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Еуропалық Одақ Миссиясының Басшысы Аурелия Бушез қатысты.

Келісімдердің шарттарына сәйкес қарыз энергетика, инфрақұрылым, өнеркәсіп өндірісі салаларындағы, оның ішінде экологияға жағымды әсер тигізетін жобаларды қосқанда орташа капиталы бар қазақстандық кәсіпорындарды несиелеуге бағытталған.

«ҚДБ» Қазақстанда көлік, инфрақұрылым, энергетика салаларындағы капиталы сыйымды жобаларды қаржыландырады. Сол себепті Еуропалық инвестициялық банктің елде ҚДБ әріптес ретінде танығаны тегін емес. Осылайша, біз нақты сектордағы кәсіпорындарды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашамыз, бұл қазақстандық экономиканың дамуына оң ықпалын тигізеді» - деп атап өтті ҚДБ Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушы Асқар Достияров. 




Яндекс.Метрика