Халықаралық интеграция

Таиланд Корольдігіндегі ҚР Елшісі М.Есенбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - АзТМЭӘК Атқарушы хатшысы Ш.Ахтармен кездесті

Бангкок қаласындағы БҰҰ Азия мен Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭӘК) штаб-пәтерінде Таиланд Корольдігіндегі ҚР Елшісі - ҚР-дың БҰҰ АзТМЭӘК жанындағы Тұрақты өкілі М.Есенбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - АзТМЭӘК-тың жаңа Атқарушы хатшысы Шамшад Ахтармен кездесті.
Әлемде18 Ақпан , 11:10

Сыртқы істер ведомствосында хабарлағандай, кездесу барысында тараптар Орталық Азия экономикасы үшін БҰҰ Арнайы бағдарламасы (СПЕКА), «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы, сонымен қатар көлік, сауда, су ресурстары тиімді басқару, энергетика, апат қаупі мен тұрақты даму салалары шеңберінде Қазақстан мен АзТМЭӘК арасындағы ынтымақтастық дамуының жоғары серпінін атап өтті.

Ш.Ахтар 2015 жылдан кейінгі БҰҰ дамуының күн тәртібіне толық сәйкес келетін Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, аймақтағы жасыл экономикаға көшуде еліміздің жетекші рөлінің маңыздылығын атап өтті. Бұған ҚР-да өткен АзТМЭӘК-тың 63-ші сессиясы (Алматы, 2007 ж.), Қоршаған орта жөніндегі 6-шы конференция (Астана, 2010 ж.) және болашақта өтетін ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесі сияқты іс-шаралар дәлел болып отыр.

АзТМЭӘК Қазақстанмен субөңірлік деңгейдегі ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөліп, Алматыда Солтүстік және Орталық Азияға арналған кеңсесінің қызметін кеңейтуге сараптық-сабағаттық қолғабыс көрсетуге дайын.

АзТМЭӘК БҰҰ Тұрақты даму конференциясының (Рио+20) «Біз қалайтын болашақ» атты қорытынды құжатына сәйкес ресурстарды жұмылдыру әрекеті мен оны тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі тиімді қолданысы үшін БҰҰ көмегімен құрылған тұрақты қаржы стратегиясы жөніндегі үкіметаралық комитетінің жұмысына ҚР қаржы сарапшыларының белсенді қатысуына мүдделік танытуда.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика