Үкімет

ҚР-да ірі қараның өсім қарқыны 15%-ға дейін көтерілді – А.Мамытбеков

ҚР-да ірі қараның қарқыны 15%-ға дейін көтерілді, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ірі қара етін экспорттық әлеуетін арттыру мәселесіне арналған ҚР Үкіметінің отырысы барысында.
Астана қаласы18 Ақпан , 10:59

«Қазіргі таңда бірінші құрамдаста 360 бас тіркеліп, енді олар тұқымы бойынша іріктелуде. Соңғы екі жылда елімізде ірі қара мал басының өсім қарқыны 15%-ға дейін көтерілді. Соның ішінде аналық мал басы 19,4%-ға артқан. Салыстыру үшін айта кетейік, 2008 және 2009 жылдары жобаны іске асырудан бұрын аталмыш қарқын мүлде болған емес», - дейді министр.

Оның айтуынша, тек 2013 жылдың өзінде 50 мыңдай ірі қара малы сатып алынған.

Сонымен қатар, бордақылау қоралары құрылысы жоспары да орындалуда.

«Өнімдік табын сапасының артуы асыл тұқымды мал басын сатып алу арқылы ғана жүзеге асырылады. Осы бағытта ең бастысы – жоғары өнімді асыл тұқымды бұқалардың санын көбейту. Мемлекет тарапынан берілетін субсидия аталмыш процесті ынталандыруға бағытталған. 2013 жылдың қорытындысы бойынша асыл тұқымдандыру жұмыстары 390 мал басын қамтыған», - дейді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, осы ақпараттың барлығы «мал басын асыл тұқымдандырумен қатар фермерлерді техникалық есепке қоюға мүмкіндік беретін» Сыбага.kz ақпараттық-сараптамалық базасына тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның өңірдегі ең ірі ет, сүт және өзге де ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаушы мемлекет болуы тиіс екенін айтты.

«Болашақта аграрлы секторда өңдеуші кәсіпкерліктерде жаңа желілерді құрудың маңызы зор. Бастысы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы. Фермерлер ұзақмерзімді қаржыландыру көздеріне қол жеткізіп, нарықта алыпсатарлықсыз жұмыс істеуі керек», - деген болатын Елбасы.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика