2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Назарбаев орталығы Көкшетауда «Қазақстан-2050» Стратегиясына арналған интерактивті көрме ұйымдастырады

Назарбаев орталығы Президент Н.Ә. Назарбаев қызметінің жылнамасын көруге, Мемлекет басшысының Жолдауын көрнекті түрде танысуға мүмкіндік беретін заманауи интерактивті әдістер арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын насихаттап түсіндіру жұмыстарын бастайды.
Ақмола18 Ақпан , 18:15

Назарбаев орталығында  хабарлағандай,  «Назарбаевтың қазақстандық жолы  -  «Қазақстан - 2050» Стратегиясы» интерактивті көрмесі өткізілетін алғашқы аймақ Ақмола облысы болмақ.

Кездесу «Назарбаевтың қазақстандық жолы  -  «Қазақстан - 2050» Стратегиясы» интерактивті көрмесінің ашылуымен басталады. Экспозицияда «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы» және «ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ». Президент қызметінің жылнамасы» интерактивті стендтері; Назарбаев орталығының Баспа үйі кітаптарының аудио нұсқалары мен Елбасы туралы 3D фильмдерінің мультимедиялық бұрышы; Назарбаев орталығы қызметін көрсететін touch-үстел; «Елбасының өмірбаяны - елдің ғұмырнамасы» 3D панорамасы қамтылған.

Сондай-ақ, бағдарлама бойынша шығармашыл жастар арасында Президент Жолдауының негізгі бағыттары мен Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянынан сұрақ-жауап түрінде «Мәңгілік ел» байқауы өтеді. Кездесу тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен Мемлекет басшысының қызметі жайлы деректі фильмдер тамашалаумен қорытындыланады.

Көкшетаудағы интерактивті экспозиция 19 және 20 ақпан күндері өтеді.

 

 




Яндекс.Метрика