Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

2014 жылдан бастап Назарбаев Университеті мемлекеттік саясат саласында PhD докторанттарын дайындайды

Назарбаев Университетінде 2014 жылдан бастап мемлекеттік саясат саласында PhD докторанттарын дайындау жоспарланған, деп хабарлады Назарбаев Университетінің провосты Саймон Джонс.
Казахстан27 Наурыз , 00:00


«Біз Жоғарғы мемлекеттік саясат мектебінде «Мемлекеттік саясаттағы магистр» мамандығы бойынша алғашқы магистрлік бағдарламамызды ұсынамыз. Алайда, біздің мектеп мемлекеттік қызметкерлерге арналған біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді бағдарламаларын жалғастырады, ал 2014 жылы біз мемлекеттік саясат саласында ғылыми зерттеу жүргізгісі келетіндер үшін PhD бағдарламасына іріктеу өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді С.Джонс.
Ол атап өткендей, аталған мектептегі оқу бағдарламасы Орталық Азия өңірінің ерекшелігін есепке ала отырып жасалған. Келешекте біз көршілес елдердің студенттерін белсенді түрде тартуға ниеттіміз. 

Магистратура бағдарламасы бойынша оқыту таза ағылшын тілінде өткізілетін болады, сабақтарды Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің үздік оқытушылары жүргізеді.
Бағдарлама шеңберінде студенттер Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінде Қазақстан үшін өзекті мәселелерді Сингапурдың тәжірибесімен салыстыра отырып білім алуға мүмкіндік алады. Магистранттар мемлекеттік қызметшілермен, практиктермен және нақты мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге жауапты тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады. 

«Назарбаев Университеті білім беру саласында жаңалық жасау мақсатымен құрылған болатын, бұл Қазақстанның дамуына жалпы алғанда жақсы үлес қосуы тиіс. Экономиканың сәтті дамуы дұрыс басқаруға тікелей байланысты. Мемлекеттік саясат жоғарғы мектебінің басты мақсаты да осы - кәсіпқой мемлекеттік қызметкерлерді, жаңа ұрпақ басқарушыларын дайындау болып табылады», - деп қортындылады университет провосты.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мемлекеттік саясат  саласындағы екі жылдық магистратура бағдарламасына өтініштерді қабылдау жүргізіп жатыр. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жүргізілетін болады. Аталған бағдарлама бойынша оқыту ағымдағы жылдың тамыз айында басталады.

Айта кету керек, оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мемлекет қаражаты есебінен жүргізілетін болады. Талапкерлердің мемлекеттік органдарда немесе әлеуметтік, халықаралық ұйымдарда немесе мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасайтын ұлттық және шетелдік компанияларда жұмыс істеу тәжірибесі болуы тиіс. 




Яндекс.Метрика