Өңірлер

«Теңізшевройл» ЖШС компаниясы қызметкерлерінің жалақысын 10 пайызға арттырады

«Теңізшевройл» ЖШС компания қызметкерлерінің жалақысы 1 ақпаннан бастап 10 пайызға өседі.
Казахстан18 Ақпан , 10:10

Компанияда хабарлағандай, ТШО қызметкерлерімен өткен кездесуде ТШО бас директоры Тим Миллер өз ұжымына әрдайым қолдау көрсетіп келгенін, және алдағы уақытта соны жалғастыруға ниетті екендігін жеткізді. Сонымен қатар Т. Миллер 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап қызметкерлердің басым бөлігі үшін жалақы 9 немесе одан да артық пайызға өсетінін хабарлады.  

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ірі компанияларға өз қызметкерлерінің жалақыларын он пайызға арттыруға ұсыныс жасады және Теңізшевройл өзінің осы шешімі арқылы Елбасы тапсырмасын орындап отыр», - деді Т.Миллер.

 Бас директор дереу қосылған он пайыздық арттыру, кейінгі сәуір айындағы жоспарланған жалақы көтеру ТШО басшылығының ең үздік мұнай және газ өндіруші кәсіпорындарының қатарына қосудағы қызметкерлердің тынымсыз еңбегін бағалай отырып, олардың алдындағы міндеттемесін орындап отырғандығынын атап өтті.

Айта кетейік, ТШО-да өз қызметкерлеріне қажетті қолдау көрсететін бағдарламалар көп. Атап айтқанда, тұрғын үй несиелеу, білім гранттары, фитнес-клуб жарналары және көптеген бонус бағдарламалары  - мұның барлығы ТШО-ның бәсекеге сай жалақы мен әлеуметтік пакет ұсына білуін және осы арқылы өз өндірісіне қажетті ең үздік және жоғары білікті мамандарды жұмысқа тартуын қамтамасыз етуге арналған. 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика