Инфрақұрылымның дамуы

2014 жылы Қазақстанда қосымша 5 бағдар ашылады - ККМ

Президент Жолдауын іске асыру аясында 214 жылы Қазақстанда қосымша 5 маршрут ашу жоспарланған, деп мәлімдеді ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Транспорт және байланыс жолы комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дмитрий Потлов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 18 Ақпан, 10:02

«Өздеріңізге де белгілі, транспортты дамыту бағдарламасының аясында 2009 жылдан бастап «Дженерал Электрик», «Тальго» секілді ірі компаниялармен бірлескен жаңа транспорттық машинақұрылысы саласын дамыту қолға алынуда. Астанада бүгінгі таңда өз өнімін беріп үлгерген аталмыш зауыттар жұмыс істеп тұр. Енді 2014 жылы біз 123 локомотив шығаруды көздеп отырмыз. Демек, қазіргі таңда аталмыш зауыт ақырындап өзінің жобалық қуаттылығына жетіп келе жатыр. Жүк вагонын шығаратын зауыттар түрлі модификациядағы 2600 вагон шығармақ, ал жолаушылар вагоны зауыты 200 вагонды ел игілігіне ұсынуды көздеп отыр», - дейді Д.Потлов.

Жолаушылар вагонын сатып алатын жалғыз тұтынушы «Жолаушылар тасымалы» компаниясы болып табылады. Бұлар осы арқылы жаңа бағыт ашпақ.

«Осыған орай, 2014 жылы қосымша 5 бағыт ашу жоспарланған. Атап айтар болсақ, олар: Алматы-Ақтөбе, Астана-Қызылорда,Алматы-Ташкент, Алматы-Защита және Астана-Защита. Бұл бағыттарда қызмет көрсету сапасы жақсартылып, қатынас уақыты инфрақұрылымның жағдайына қарай екі есеге дейін қысқартылады», - дейді ККМ өкілі.





Яндекс.Метрика